Қарағанды облысында өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Тілеусат ауылында 12 қыркүйек күні сағат 04:20-да жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Өрт сағат 06:28-де ауыздықталып, 07:15-те сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 165 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.