Қарағанды облысында пара алғаны үшін бұрынғы ауыл әкімі жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Абай аудандық соты Юбилейное ауылының бұрынғы әкімі Нагай Шамаевты пара алғаны үшін жеке мүлкін тәркілеу арқылы жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұл туралы аудандық соттың хатшылығы хабарлады.

«Шамаев қызметтік лауазымын асыра пайдалану арқылы малы бар туралы ветеринарлық анықтама бергені үшін ақша алып жүрген. Ал ол мемлекеттік қызмет түрі тегін жүзеге асырылуы тиіс. Зардап шеккен М. есімді азамат аталмыш құжаттарды алу үшін алғашында 5000 теңге, екінші ретте 15000 теңге төлеген екен», - деп түсіндірді іс фабуласын аудандық соттағылар.