«Шахтинск қаласының ІІБ 2008 жылы туылған Александра Цыбульконың қазір жүрген жерін анықтап жатыр. Оның анасының айтуынша, мамырдың 21-і күні кешке ол қызын тұрғылықты мекені жоқ әйелдің қарауына қалдырып кеткен, содан бері олардың қайда кеткендері белгісіз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Полицейлер азаматтардан іздеу салынғандардың қазіргі жүрген жерін білетін болса, хабарласуларын сұрайды.