Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы Теміртауда Жаңа жылдың алдында орны алды.
«Бейбітшілік даңғылындағы үйдің қасында Porsche Cayenne көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай, алдында тұрған, ішінде полицияның 28 жастағы қызметкері отырған «Лада» көлігімен соқтығысты. «Лада» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратынша, полиция қызметкері кезекті еңбек демалысында болған.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта Porsche жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.