Бұл туралы бүгін облыстық ІІБ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Облыстың ІІД өртке қарсы қызмет пен өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ техникалық бақылау және Кеден одағының қызметкерлерімен бірлесіп желтоқсанның 19-ы мен 31-і аралығында «Пиротехника 2011» атты жедел алдын алу шараларын өткізді. Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нiң 162-бабы (тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша 14 факті тіркелді. Барлық материалдар процессуалдық шешім шығару үшін, сотқа тапсырылды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күні Қарағанды облысының бірде-бір фирмасының пиротехниканы жасау мен сатуына лицензиясы жоқ», - деп атап өтті полиция қызметкерлері.