«Тәртіптік кеңеске облыстың ішкі істер органдары бөлімдерінің жетекшілері, сондай-ақ олардың кадрлық жұмыс бойынша орынбасарлары шақырылды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша, жол жүру ережесін бұзған полицияның 10 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал олардың жетекшілеріне қатаң ескерту жасалды», - деп жазылған хабарламада.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінен барлық жол жүру ережесін бұзған қызметкерлердің қатаң сөгіс алғанын нақтылады.
«Сонымен бірге, бөлім жетекшілеріне жеке құрамның арасында жолда жүру ережелерін болдырмас үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, жалпы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау тапсырылды. Облыстың ІІД басшылығы осы жұмысты ерекше бақылауға алды», - деп жазылған хабарламада.