Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Қызылорда-Павлодар» көлік жолының 1 мың 27-ші шақырымында «РФ Иркутск-Шымкент» бағытында кетіп бара жатқан,

 ішінде 35 жолаушысы бар автобус ақауының салдарынан жолда тұрып қалды»,-деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

 Төтенше жағдайлар департаменті мен Жол полициясы қызметі бірлесіп, автобустағы жолаушыларды Майөзек қаласының мейманханасына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.