«Рейд өткізілген бір күн ішінде рұқсат етілмеген жерде темекі шегудің 340 фактісі анықталды, оның ішінде білім мекемелерінде 57, қоғамдық тамақтану орындарында 30, халықтың жаппай демалу орындарында 43, мемлекеттік органдардың ғимараттарында 54, үй кіреберістерінде 148, көлікте 8 факті анықталды», - делінген облыстық ІІД ҚҚБ таратқан ақпаратта.
16:18, 17 Қараша 2010
Қарағанды облысында рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегушілерді анықтауға арналған рейдтер жүргізілуде
ҚАРАҒАНДЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында полицейлер қоғам және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отыра рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегуді анықтауға байланысты рейдтер ұйымдастыруда. Бұл туралы сәрсенбі күні облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлады.