Бұл туралы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Асхат Айтмағамбетов хабарлады.
«Елорданың 15 жылдығына арналып Нұра ауданында 300 келі салмақтағы 15 метрлік торт дайындалды. Оның үстіндегі май шамды Астананың құрдастары сөндірді. Ал тортты кесіп бөлу ардагерлерге ұсынылды. Атап айтқанда салтанатты шараға қатысқандардың барлығы тәтті наннан дәм татты»,-деді әкім орынбасары.
Алып тортта Ақорда, Бәйтерек, Хан шатыр және елорданың басқа да көз тартар нысандары бейнеленген Аспаздар оны 10 сағат бойы дайындаған.