Қарағанды облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам ірі қара мал сатып алынды

ҚАРАҒАНДЫ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының шаруа қожалықтары биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам ірі қара мал сатып алды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 «Қарағанды облысында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының аясында 2015 жылға қарай 10 мың орындық біржолғы бордақылауға арналған мал семірту алаңдары жүйесін құру жоспарлануда. Биыл Осакаров ауданындағы «Арай-Маржанкөл-Агро» ЖШС-де 200 орынға арналған бордақылау алаңын салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ жоба аясында репродуктор-шаруашылықтар құрылуда», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Билік көздерінің ақпаратынша, жыл басынан бері Абай ауданындағы «Топарский» ЖШС репродукторды құру үшін симменталь тұқымының 300-дей ірі қара мал басын әкелді. Жылдың аяғына дейін Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарындағы екі шаруа қожалығы шетелдік селекцияның «герефорд» және «ангус» тұқымдарының 260 ірі қара малын әкелмекші.

Қарағанды облысы жобаның негізгі бөлігі - өнімді мал шаруашылығын құру және дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын орындау бойынша көшбасшы болып табылады. «Ағымдағы жылы аталған бағдарламаның аясында шаруа қожалықтары төлдейтін малдың 4 720 басы мен 287 асыл тұқымды бұқаларды сатып алды», - деп нақтылайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру бойынша Нұра ауданында ауқымды жұмыс атқарылуда.

Мұнымен қатар өзге бағдарлама бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттарындағы несиелік қаражаттар есебінен 3 000 төлдейтін мал мен 111 бұқа әкелу қарастырылған. Үш шаруашылықта 2300 басқа арналған бордақылау алаңдарын құру белгіленген.

Нұра ауданында сондай-ақ 7 ауылдық округінде отарлы мал шаруашылығы ұйымдастырылған. «Жайылымдық жерлерді суландыру аясында бір тоған қалпына келтірілді, суару алаңдарына сыйымды ыдыстар әкелінуде. Жоспарланған 13 ұңғыманың 8-і бұрғыланған.

Бұдан басқа, Нұра ауданында аудандық мал дәрігерлік станса құрылды, 15 мал сою алаңы, 1 мал сою қосыны бар. Ал жыл аяғына дейін жаңа мал дәрігерлік зертхана салу жоспарлануда.