«Қарағанды облысында салауатты өмір салтының маңызы артуда. Мысалы бүгінде тұрғындардың 27,5 пайызы бұқаралық спортпен айналысады, ал бұл тұрғындардың үштен бір бөлігіне жуығы. Республика бойынша орташа көрсеткеш 20 пайыз ғана. Және бұл жағынан облысымыз елімізде бірінші орында», - деп атап өтті облыстық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Наталья Сухорукова.
Ведомствоның мәліметтерінше, бірінші жартыжылдықта Қарағанды облысында спорттың алуан түрінен 40 республикалық жарыс, кубоктар, чемпионаттар және біріншіліктер, сайыстар мен спартакиадалар өткізілді, оларға 74 мыңнан астам адам қатысты», - деп келтірді статистиканы басқармадан.
Спорт мекемелері желісін кеңейтуге келетін болсақ, өткен жылы ғана облыста 34 көпсалалы хоккей корттары орнатылды, 28 спорт алаңы жабдықталды, деп атап өтеді ведомстводан.
Қарағандыда 5000 орынға арналған жабық футбол алаңын салу жоспарлануда. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. «Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов пен ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Идюмжанов шахматты Қарағанды облысында дамыту туралы келісімге қол қойды. Ол Қарағанды қаласында шахмат сарайын салуды қарастырады», - деп атап өтті облыстық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасынан.