Қарағанды облысында жер қойнауын пайдаланушы 6 компаниямен келісімшарттар бұзылуы мүмкін - ҚР ИЖТМ
Осындай мәліметі еліміздің аймақтарына жасаған жұмыс сапары шеңберінде өткізілген кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығы жариялады.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аймақтық инспекциясы 2011 жылы Қарағанда облысында жер қойнауын пайдаланудағы 198 нысанның 79 компаниясына тексеру жүргізді. Олардың 58-і республикалық, 21-і жергілікті маңызы бар нысандар болып табылады. Аталған компаниялар негізінен өндіру және қайта өңдеу бойынша талаптарды бұзу, жер қойнауын пайдалану операциялары кезінде жобалық шешімдерді сақтамау, лицензиялық-шарттық талаптарды орындамау және т.б. қателіктерге бой алдырған.
Осылардың нәтижесінде 57 заңды және жеке тұлғаларға 4,1 млн. тенгеге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын: ««Сарыарқа»ӘКК» ҰК» АҚ, «Қызылту» ЖШС, «Ер-тай» ЖШС, Солтүстік Қатпар» ЖШС, ТКБК «Төрт-Құдық» АҚ компанияларымен келісімшартты бұзу туралы ұсынымдар жіберілді.