деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Мүслим Жарас Сарқытбайұлы атты баланың жоғалғандығы туралы ақпарат бейсенбі, шілденің 15-і күні сағат 9.30-да келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, шілденің 13-і күні бала әжесімен Төменбай қыстағынан Қарқаралы ауданы Бесоба ауылына еріп келген. Соңғы рет баланы сол күні сағат 14.00 шамасында көргендер бар», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда жоғалған баланы іздестіруге арнайы мамандандырылған иттермен ТЖ қызметінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.