деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жол полициялары жаяу жүргіншілерге жолдан өту мәдениетін қалыптастыруға тырысады. Осы мақсат бойынша мамырдың 28-інен бастап «Назар аударыңыз! Жаяу жүргінші! Жол жүру ережесі - қатаң бақылауға алынады!» атты онкүндік жұмысын бастады.
«Жаяу жүргіншілерге қатысты болатын жол- көлік оқиғалары облыс қалаларының ғана емес, ауыл аймақтарының да проблемасына айналды. Жаяу жүргінші өтетін жол - қозғалыстың бір санаты, онымен жұмыс істеу өте қиын. Көп жағдайда жүргізушілер инспектордың ескертуіне қарамастан, көпе-көріне ереже бұзады», - дейді жол полициясы басқармасындағылар.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, 2010 жылдың басынан бері жаяу жүргінші жолдарына қатысты 8 жол- көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан бір адам қаза тауып, 7 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Онкүндік басталған күні Қарағанды көшелерімен үгіт-насихат жүргізетін сап жүріп өтті. Іс-шараға жол қозғалысының жас инспекторлары қатысты.