Қарағанды облысында жол полициясы «Ауыл жолы» акциясын өткізуде

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - 17 мен 21 қазан аралығында Қарағанды облысының аумағында «Ауыл жолы» алдын алу акциясы өтеді, деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Акция барысында ауыл тұрғындары арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала сыртындағы жолдарда жол полициясы жасағын көбейту мәселесі жоспарланған.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелер мен жолдардың қажетті жол белгілерімен, жол айқындауыштарымен, жаяу жүргінші шарбақтарымен, басқа да жол қозғалысын қадағалау техникалық құралдарымен қамтылғандығын, сондай-ақ жол қабаттарының тегістігін тексеретін болады.