«21 қыркүйекте кешқұрым Теміртауға екі шақырым жерде «Митцубиси Монтеро спорт» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көпірдің бетон бағанына барып соғылды. Апат салдарынан алынған ауыр жарақаттан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды», - делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.