Оқиға Осакаровка елді мекеніне кіре берісте орын алған. Ер адам тыйым салынған жерден өтіп бара жатып «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының астына түсіп қалған.
Қазір болған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК 344-бабына сәйкес тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, жыл басынан бері темір жолдың тыйым салынған жерінен өткен 7865 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктік полиция хабарлағандай, небәрі 3 ай ішінде 33 қайғылы жағдай орын алған. Олардың жартысы адам өліміне әкеп соқты. 3 жағдайда балалар жапа шекті. 2 бүлдіршін қайтыс болды.