Қарағанды облысында жұмыртқа өндірісі үш есеге артқан

ҚАРАҒАНДЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2011 жылдан бастап 78 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аймақтағы жұмыртқа өндірісі 27,5 пайызға артқан.