Қарағанды облысында жүйеқұраушы кәсіпорындар жергілікті тауар өндірушілермен 67,9 млрд. теңгеге 79 келісімшартқа қол қойды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде қазақстандық тауарлар үлесін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысына арналған кеңес өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аймақта облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен қазақстандық тауарлар үлесін арттыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ұлттық компаниялармен, облыстың жүйеқұраушы кәсіпорындарымен және жергілікті тауар өндірушілермен жалпы көлемі 145,9 млрд. теңгеге 474 ниет-хаттамаларын жасады. Кеңесте мәлімделгеніндей, бұл жұмыс одан әрі жүйесін тауып, ниет хаттамалары келісімшарттарға рәсімделуде. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде 67,9 млрд. теңгеге 79 келісімшартқа қол қойылды. «Келісімшарттардың негізгі бөлігі жүйеқұраушы кәсіпорындарға тиесілі, өйткені бұл кезеңде ұлттық компаниялар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың конкурстық рәсімдерін өткізуде», - деп атап өтілді кеңесте.