Кәсіби байқау жеңімпазының есімі облыстық судьялардың конференциясында жасырын дауыс беру нәтижесінде белгілі болды.
«Бұл жыл сайын өткізілетін байқау. Басты өлшем - құқық қорғау сапасы», - деді ҚР Судьялары одағы облыстық филиалының төрағасы Надежда Кузнецова.
А.Тұрысбаевтың судья болып жұмыс істегеніне 21 жыл. Қазіргі кезде ол Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша кассациялық сот алқасының құрамында. Әріптестерінің айтуынша, оның өткен жылы қарастырған істері бойынша қаулылардың бірде-бір жоюшылығы немесе өзгерісі болған жоқ.
Енді А.Тұрысбаев Қарағанды облысының атынан республикалық байқауда бағын сынайды.