«Қыстың қатты суық болғанына, өткен жылдың желтоқсанындағы төменгі температураларға қарамастан, Қарағанды облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің жылу, электр және сумен қамтамасыз етілуі қалыпты жағдайда. Барлық 8 электр стансалары мен жергілікті қазандықтардағы параметрлер температуралық кестеге сәйкес келеді», - делінеді хабарламада.
Аймақ билігінің ақпаратынша, 57 қазандық пен 622 автономдық жылыту жүйесі, ЖЭС-да 43 қазандық пен 31 турбина жұмыс істеуде, қорда 11 қазандық, 2 турбина бар.