Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлады.
Дүйсенбі, қыркүйектің 20-сы күні сағат 6.50-де колонияның мәслихат залында сегіз адам қарындарын жарған, деп хабарлады басқармадан. Келіп түскен ақпараттар бойынша, наразылық шарасына қатысушылар мекеме аумағында еркін жүріп- тұру, туыстарынан қалағандарынша сәлем-сауқат алу, Қылмыстық-түзеу кодексінің 102-ші бабында қарастырылған мекеме аумағын абаттандыру жұмыстарын тоқтату және азаматтық үлгідегі киім-кешектер қиюге рұқсат беру туралы талаптар қойған