Қайғылы оқиға Абай қаласы мен Топар ауылының арасындағы тас жолда болған. Бастапқы нұсқа бойынша «Тойота Марк-2» жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, «Киа» автомобилін соққан. «Апат орнында «Кианың» екі жолаушысы мерт болып, ауруханада «Тойотаның» бір жолаушысы жан тапсырған. Екі көліктің жүргізушісы де ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
ҚР ҚК 345-бабының («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. «Тиісті сараптама белгіленді. Қылмыстық іс өндірісі жүріп жатыр», - деді Бақытжан Құдияров.
18:54, 02 Қазан 2017
Қарағанды облысындағы жол апатында үш адам қаза тапқан
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Тойота» мен «Киа» соқтығысып үш адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.