«Бүгін еліміздің индустриялық қуаты саналатын Қарағанды облысына «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Талғат Ермегияев бастаған үлкен делгация келіп, өңірдің әлеуетімен тағы бір мәрте танысу мүмкіндігіне ие болдық. Көрмемен таныстық, соның ішінде құрылыс саласына кәсіпорындарды тартуға қатысты өзара әрекеттер бойынша жақсы диалогтар орын алды. Нәтижесінде Қарағанды облысының әкімі мен Ұлттық компания басшысы арасында, сонымен қатар басқа бағыттар бойынша 5 негізгі меморандум жасалды. Меморандумдар жалғасады, оны көрмені аралау барысында түсіндік. Сонымен қатар, облыстың 15-тен астам компаниясы ЭКСПО көрмесінің құрылысына қатысады», - деді С. Рақымбекова.
Оның айтуынша, ЭКСПО аясында тек құрылыс кәсіпорындары ғана емес, өңірлердің ғылыми, жастар ұйымдарының әлеуеттерін тарту қарастырылады.
«Біз алдағы екі аптаның аясында меморандумды нақты іс жүзіне асырудың іс-қимыл жоспарын жасамақпыз. Ал онда бірлескен 35 пункттен тұратын шаралар қамтылады», - деді басқарушы директор.