Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ағымдағы жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп берген аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді.
Әкімнің атап өтуінше, астық дақылдарын оңтайландыруөткізілді. Майлы, азықтық дақылдар, картоп егу көлемі ұлғайтылды. Жылыжайлар кеңеюде.
Меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтарда тірілей салмақтағы ет пен жұмыртқа өндіру арта түсті. Тамақ өнеркәсібінің өнімдері ұлғайды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара малдың да саны көбейді.