Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Қарағанды облысының әкімдігі 19 тамызда Ақмола облысындағы Бабатай ауылының аумағында, «Алматы-Екатеринбор» тас жолында қаза тапқан қарағандылықтардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Қаза тапқан қарағандылықтардың нақты саны әзірше белгісіз. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза тапқандардың туыстарынан билік көздеріне қандай да бір көмек сұраған өтініштер келіп түскен жоқ.