Қарағанды облысының әкімі халықпен есеп беру кездесуін өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жұма күні, ақпанның 12-сінде аймақтың тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Бәйбек, ҚР Парламентінің депутаттары қатысты.

«Бүгін менің облыс тұрғындарының алдындағы есебіммен барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі аяқталады. Мемлекет басшысы мұндай кездесулерді бес жыл бұрын бастаған болатын. Уақыт бұлардың қажет екендігін көрсетті. Кездесулерде айтылған ескертпелер мен ұсыныстар қолданыстағы даму бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады», - деді С.Ахметов.

«Ағымдағы жылғы есеп беру кездесулері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында өтті», - деді әкім.

Облыс әкімі өз баяндамасында жергілікті атқарушы органдардың 2009 жылғы жұмыстарын қорытындылады және алдағы және таяу болашақтағы міндеттер туралы әңгімеледі.