Қарағанды облысының әкімі тағайындалды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Әбдішев Бауыржан Түйтеұлы 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы бастады. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесінде қызмет жасады. 2003 жылдан бастап ҚР Кедендік бақылау агенттігінің, Қазастан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды мониторинг департаментінің директоры, «Нұр Отан» ХДП Орталық апараты Инновациялық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.

2010 жылғы 11 қаңтардан - Қарағанды қаласының әкімі.

2012 жылғы қыркүйектен осы тағайындауға дейін ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып қызмет атқарды.