Бұл туралы бүгін аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев хабарлады.
«Қазіргі күні жобалық құжаттар, тұжырымдама, техникалық-экономикалық негіздеме қарастырылуда. Менің ойымша, биылғы жылы біз материалдарды Үкіметке ұсынамыз», - деді Ә.Исекешев журналистермен кездесу барысында.
ЕЭА құру аймақтың индустриалдық дамуына серпін береді, деп атап өтті ол. Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы да бар, деп еске салды Ә.Исекешев.