«Қарағанды облысында 140 құрылыс кәсіпорны бар. Облысымыз қажетті құрылыс материалдарының барлық спектрін ұсынады, қазірде ол ЭКСПО нысандарын салу кезінде пайдаланылуда. Бүгінде ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша мердігер ұйымдар жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге Қарағанды облысының 16 кәсіпорны арасында 24 шартқа қол қойды», - деп хабарлады кездесуде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов. Ол 2014 жылы Қарағанды облысы әкімдігі мен «ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ арасында көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша меморандум және бірлескен шаралар жоспары жасалғанын еске салды. «2015 жылы облыс әкімдігі, өңір тауар өндірушілері мен «ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ арасында 6 кездесу өтті, онда Қарағанды облысы аумағында, Астанадағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды», - деді Ә.Ахметжанов. Облыс әкімі баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, облыспен арада ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылып, «ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ нысандарын салу бойынша бас мердігер мен өңір кәсіпорындары арасында 6 шарт жасалды.
11:52, 29 Желтоқсан 2015
Қарағанды облысының кәсіпорындары «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі құрылыс жұмыстары бойынша 7,6 млрд теңгеге шарт жасасты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астанада «ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ басшысы Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының делегациясымен кездесуде ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бүгінде ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша мердігер ұйымдар жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге Қарағанды облысының 16 кәсіпорны арасында 24 шартқа қол қойды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.