Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бірінші тоқсанда кеден салығы мен төлем бойынша болжамдық тапсырма 103,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджетке 15,6 млрд.-тан астам қаржы аударылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша КБД-нің баспасөз қызметі.
Өтелген төлем мен салықтардың жалпы сомасынан экспорттық баж салығы 9 млрд. теңгені немесе 58 пайызды құрады.
Департаменттің берген ақпаратына сәйкес, бірінші тоқсанда қарағандылық кеденшілер 15 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде кеден төлемдері мен салық төлеуден жалтару және экономикалық контрабанда бойынша 9 оқиға бар. «Контраба жолымен әкелінген тауарлардың құны шамамен 350 млн. теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 90 әкімшілік іс қозғалды, оның қаралымының нәтижесінде кеден органы және сотпен бюджет есебіне 3,7 млн.-нан астам теңге айыппұл алынды.