Қарағанды облысының Николаевка ауылында жұмыссыз жігіт қызғаныштан жүріп жүрген қызын атып тастап, оның кіндік әкесін жаралады

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Николаевка ауылында қызғаныш салдарынан қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Түнгі бір кезінде жұмыссыз 21 жасар жігіт өзінің мектептен бері достасып келе жатқан 18 жасар қызымен жанжалдасып қалып, оны қызғаныштан атып тастады. Қыз ол кезде өзінің кіндік әкесінің үйінде болған еді. Жігіт өзінің ғашығын атып тастап, 45 жастағы үй қожайынына қаратып бірнеше рет оқ атты. «Кеуде, мойын, бас, сол және оң жақ иық белдеуінің көптеген бытыра жарақаттары, травматикалық шок» дагнозымен зардап шеккен азамат Осакаровка ауылының аудандық медициналық бірлестігіне жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдіктіні ұстауға қатысты шаралар қолданылды, деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі.