Қарағанды облысының Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды
Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының Баршын ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, сонан соң бас маман ретінде бастаған.
2010 жылдан бері - «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы.
2013 жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды.
2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің Хатшылық сарапшысы болды.
2017 жылдан бастап Нұра ауданы әкімі лауазымына тағайындалғанша ҚР Президенті Аппаратының Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Еске сала кетсек, бүгін Қостанай қаласының, СҚО-ның Есіл, Жамбыл аудандарының әкімдері ауысты.