деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз Жолдауында қойған мақсаттары барлығымызға жақын әрі түсінікті. «Қазақстан-2050» стратегиясы - Қазақстанның одан әрі тұрақтылығы мен гүлденуіне үлкен қадам», - деп атап өтті өз сөзінде облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Ардақ Ынтықбаев.
«Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының реформалануын жалғастыруды тапсырды», - деп атап өтті ол.
Жиналыста облыстық ІІД-нің Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс тобын құру шешімі қабылданды. Оның құрамына ІІД басқармалары мен өзіндік бөлімдерінің бастықтары кірді. Жұмыс тобы барлық аумақтық бөлімшелерде кездесулер өткізеді.