«Аймақта көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге үйлерді тапсыру жалғасып отыр. Құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімінің тұрақты бақылауында», - делінген хабарламада.
Шет ауданында тәуелсіз сарапшылар су басу аймағына кірген 106 үй тексерді, соның ішінде 8 үй (17 пәтер) апатты және тұруға жарамайтын болып танылған: екеуі - Ақсу-Аюлыда, үшеуі - Ағадырда, біреуі С.Сейфуллин атындағы кентте, біреуі Ақсу ауылында және тағы біреуі - Көктенкөл стансасында орналасқан.
Жаңа баспананың құрылысына бюджеттен 97 млн. теңге бөлінген. Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттары болмаған екі отбасы үшін аудандық бюджет және қоғамдық қайырымдылық қорының есебінен пәтерлер сатып алынған.
Бұдан басқа, зардап шеккендер бюджеттен жоғалған мүлігі үшін өтемақылар алды.
Н.Әбдібеков Шет ауданының Ағадыр кенті мен Ақсу-аюлы ауылында жаңа қоныстанушылардың үйлеріне барды.