Қарағанды облысының Шет ауданында шағын қазандықтың жарылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ағадыр ауылында қайғылы оқиға орын алды.

Шағын қазандықта қазанның жарылуы салдарынан 46 жастағы ер азамат қаза тапты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға «Тема» дәмханасында орын алды. «Дәмхана ғимаратында орналасқан шағын қазандықта дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде пештің қазаны жарылып кетті. Алған жарақаттан оқиға орнында дәнекерлеуші қаза тапты», деп хабарлайды дерек көз.

Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.