Хамит Омаров бұған дейін Жаңаарқа ауданын басқарып келген болатын. Ал тілдерді дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Бақытқали Мұсабеков өз еркімен қызметінен босатылды.
09:30, 30 Тамыз 2010
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың өкімімен Хамит Омаров облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.