Қаладағы банктердің бірінің менеджері клиенттердің белгілі бір санаттарына несие рәсімдеп отырғаны анықталды. Осылайша, қызметкер 57 банктік операция өткізіп үлгерген.
«2020 жылдың 10 ақпанында Қарағанды облысының Полиция департаментіне Халық банкі бөлімшелерінің бірінің аға менеджері тарапынан 19 миллоннан астам теңгеге алаяқтық жасау фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Қылмыстық істі зерттеу барысында күдікті өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 57 несиелік қарыз ресімдегені және оларды өтеу үшін үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланғаны анықталды, барлығы 232 шот болды. Сонымен қатар, осы ақшаны алу үшін клиенттерге пластикалық карталарын жасаған және қайта шығарған. 2020 жылдың 15 ақпанында аталған факт ҚР ҚК-нің 1-4-тармағының 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, яғни алаяқтық, алдау жолымен бөтен мүлікті ұрлау, өзінің қызметтік жағдайын бірнеше мәрте пайдалана отырып, ірі мөлшерде алаяқтыққа бару», - дейді Киров полиция бөлімінің аға тергеушісі Елена Фролова.
Банк менеджері сотталды және оған 4,6 жыл шартты мерзім берілді.
Аға тергеушінің айтуынша, мұндай факт олардың тәжірибесінде алғаш рет болған. Алайда, үшінші тұлғаларға белгісіз бреулер несие рәсімдеуге байланысты алаяқтық деректері көптеп кездеседі.
«Негізінен интренеттегі ұрлық оқиғалары жиілеп кетті. Әрине, халық арасында жеке куәліктері, соның ішінде пластикалық карточкалары, шот нөмірлері туралы мәліметтерді бермеу керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдап, азаматтардың өздері жеке куәліктері туралы мәліметтерді, пластикалық карталардың нөмірлерін беретін жағдайлар жиілеп кетті», - деді Елена Фролова.
Мұндай жағдайларда тәртіп сақшылары банкке барып, қажет болған жағдайда барлық ақпаратты сол жерде беруге кеңес береді. Егер банкке қажет болмаса, жеке куәліктер мен пластикалық карталар туралы мәліметтерді ешкімге берудің қажеті жоқ.