Аталған конференцияда Қаржы полициясы академиясы әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен Академия тыңдаушылары Г.Омарова «Заңгердің сөйлеу мәдениеті туралы», М.Тоқтарханова «Заңгерлердің тіл мәдениетіне қойылатын кейбір талаптар», Д.Төлегеновтің «Заңгердің сөйлеу мәдениеті» деген тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді қозғағаны, жүйелі зерттеулер жасағаны үшін Қарағанды заң институты басшылығы атынан марапаттауларға ие болды.