Бүгін, 24 қаңтар күні Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан (қар, бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Ұлытау ауылынан Қостанай облысына дейінгі бөлігі (177-330 шақырым аралығы) барлық көліктер үшін жабылды.
Дәл осындай себеппен Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі бөлігінде (136-252 шақырым аралығы); «Қандыағаш-Емді-Шалқар-Ырғыз» тас жолының Қандыағаш қаласынан Шалқар қаласына дейінгі бөлігінде (0-257 шақырым аралығы); «Самара-Шымкент» тас жолының Қобда ауылынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі бөлігінде (618-703 шақырым аралығы) барлық көліктер үшін шектеу қойылды.