«Жедел-іздеу шараларын өткізу барысында 22 тамыз күні Қарағандының Қазыбек би ауданында өз үйлерінде 63 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел ұсталды. Үйді тексеру барысында 2 келі, 06 грамм «героин» есірткілік заты анықталды», - делінген хабарламада.
Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 259 бабы - «Есірткілік немесе елітетін заттарды өткізу, дайындау, қайта өңдеу, немесе сатып алу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.