Қарағандыда 52 жастағы әйелден жарты килограмға жуық героин тәркіленді

Кадр из видео/ t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Полиция қарағандылық әйелден жарты килограмға жуық жуық героин тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы әйелді анықтады. Тінту кезінде күдікті ерікті түрде жалпы салмағы 448 гр болатын үш орам героинді тапсырды.

ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.