«17 қарашада полиция қызметкерлері қаланың шет аудандарының бірінде 30 жастағы ер адамды қолға түсірді. Оны ұстауға Қарағанды ІІБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының жәрдемі тиді. Сыртынан байқаған тұрғындар орындықтар мен қоқыс жәшіктерін көлікке тиеп жатқан ер адам жайлы полицияға хабарлаған», - делінген хабарламада.
Куәлердің айтуынша, ер адам өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған және мүлікті қыста сақтау үшін қоймаға апаратыны жайлы айтқан. «Ұсталған ер адам ұрлық жасағанын мойындады. Оның 43 орындық пен 22 қоқыс жәшігін ұрлағаны анықталды, қазір барлық мүлік орнына қайтарылды», - деп көрсетілген хабарламада. Қалалық билік ұрланған мүлік сомасын 1,5 млн теңгеге бағалады. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулығышына қамалды.