Қарағандыда Ай күнтізбесі бойынша корей Жаңа жылы атап өтілді

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы К.С.Станиславский атындағы орыс драмалық театрында өткен демалыс күні Сольналь мерекесі - корей Жаңа жылы атап өтілді.

Қазақстан корейлері қауымдастығының облыстық филиалы бұл мерекені қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын атап өтеді. Мерекелік шараға корей диаспорасының өкілдері, басқа ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері шақырылады.

Жаңажылдық қойылымда корей ұлттық-мәдени орталығы Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алудың рәсімдерін көрсетті. Сондай-ақ Ақ Жолбарыстың өзінің заңды құқығына кірісу көрінісі паш етілді.

Сольналь - отбасылық мереке. Сондықтан да мерекелік бағдарлама дәстүрлі рәсімнен - қарияларға тағзым беруден басталды. Жастар осылайша аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетеді.

Сольналь мерекесі Кореяда орта ғасырдан бері атап өтіледі.