«Қарағандыда күшейтілген тазалау жұмыстары мен қарды шығару жалғасуда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өткізген мониторингіне сәйкес, 1-8 қаңтар аралығында қаладан 24 мың тоннаға жуық қар шығарылды, 1214 текше метр көлеміндегі құм-тұз қоспасы шығындалды», - делінген хабарламада.
Билік көздерінің ақпаратынша, қарды тазалау жұмыстарына қаланың бүкіл коммуналдық көліктері, 7 мердігерлік ұйым, арнайы техниканың 205 бірлігі жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға күн сайын 120-130 жол жұмысшысы шығуда.