«Қарағанды облыстық ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері өткізіліп жатқан жедел-іздестіру шараларының барысында 2013 жылдың 6 ақпанында букмекерлік кеңсенің кассиріне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен кәмелеттік жасқа толмаған қаланың екі тұрғынын ұстады», - делінеді хабарламада.
Полицияның ақпаратынша, ұсталғандар қылмыстарын мойындады, олардан айғақ заттар алынды. «Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 179-бабының 2-бөлімімен («Бір топ адамның алдын ала келісуімен жасаған қарақшылық шабуылы») қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс үшін жастарға сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін», - деп атап өтілді хабарламада.
Қылмыс 2012 жылдың 10 желтоқсанында жасалды. Бетперде киіп алған белгісіз екі адам букмекерлік кеңсенің бөлмесіне кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 460 мың теңгеден астам соманы алып кетті.