Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте дала өртін сөндіру кезінде Қарақаралы ауданының үш тұрғыны зардап шеккен болатын.
Олардың денесінің 18, 28 және 90% күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі бүгін Қарқаралы орталық аудандық ауруханасында қайтыс болды.
«Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90% күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың 28% денесін күйік шалған, үшіншісінде - 18% күйік. Олардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 6 табиғи өрт сөндірілді.
Жалынды сөндіруге 339 адам және 94 техника жұмылдырылды.