Қарағандыда дәмханада газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандыда Ермеков көшесіндегі дәмханада газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап өңірдегі меншікті тілшіміз.

«23 қаңтар кешкі 21:35-те Қарағандыда Ермеков көшесіндегі Баспа үйінің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ баллоны жарылды. Салдарынан 4 адам зардап шекті, бәрі де ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ТЖД -нің баспасөз қызметінде.
Дәмхананың ішіндегі адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, нақты қанша адамның көшірілгені әзірге белгісіз.
Оқиға орнында тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.