Қарағандыда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарағандыда қарашаның 20-22-сі күндері «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Штаттағы ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясына сілтеме жасап.

         Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында - 4 (81, 90, 100 бен 100 келіден жоғары), әйелдер арасында  3 (70, 78 және  78 келіден жоғары) салмақ дәрежесінегі жеңімпаздар анықталады. Келесі күні   ерлерден - 2 ( 57,  66 келі), әйелдерден - 3 ( 52, 57, 73 кг) салмақтағы  балуандарды марапаттау рәсімі өтеді. Чемпионаттың ақырғы күні ерлер  (60 және   абсолютті салмақ дәрежесі) мен әйелдер     (48 және абсолютті салмақ дәрежесі) арасындағы ақырғы екі салмақтағы жеңімпаздар анықталады. 

         Чемпионат қарсаңында, қарашаның 18-і күні кеншілер қаласында бапкерлер мен төрешілердің  кеңейтілген теориялық  және тәжірибелік семинарлары өтеді. Бұл шаралар одан кейін республикалық дзюдо федерациясының конференциясына ұласпақ.