Қарағандыда егде тартқан әйел жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін бүлдірді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда егде тартқан әйел жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін бүлдірді. Оның видеосын бірнеше сағатта 25 мың адам көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Қарағандының қауырт қиылыстарыныңбірінде болған. Егде тартқан әйел бағдаршамда тұрған көліктердің бірініңжүргізушісін жұдырықпен бірнеше рет ұрып, автомобилін тепкен. Ашулы кемпірдіңбұл әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Оның видеосын бірнеше сағатта 25 мың адамкөрген.

Кемпірдің ашуына ненің себеп болғаны әзіргебелгісіз. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

«Бұл дерек бойынша ешкім полицияға келген жоқ.Желіге тараған видеожазбаны полицейлер тексеріп, әйелдің тұлғасын, бұләрекетіне не себеп болғанын анықтайды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстықполиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту: видеода балағат сөздер бар!

Соңғы жаңалықтар